Ақтауда ер адам суға батып кетті: іздестіру жүргізіліп жатыр

Ақтауда 21 жастағы жігіт суға батып кетті. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облысы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

"2024 жылы 14 маусымда 19 сағат 20 минутта 101 пультіне Ақтаудағы "Монтажник" демалыс базасынан оңтүстік бағытына қарай 1,5 шақырымда суға шомылуға жабдықталмаған жерде 2003 жылы туған ер адам суға батып бара жатыр деген ақпарат келіп түсті", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына департаментін күш құралдары жедел шығып, іздестіру жұмыстары жүргізілген.

"Алайда, күн батуына байланысты, іздестіру жұмыстары тоқтатылды, нәтижесіз. Осыған байланысты, іздестіру жұмыстары 15 маусымда таңғы сағат 6-да жалғасады", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!