Астанадағы құтқару операциясы: әйел мектептегі лифт шахтасына құлап кеткен

Астанада 40 жастағы әйел мектептегі лифт шахтасына құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары лифт шахтасына құлаған әйелді құтқарды.

"Астана қаласының Алматы ауданында мектептердің бірінде 1986 жылы туған әйел лифт шахтасына құлады. Үш тізелі баспалдақ көмегімен 40 жастағы әйел көтеріліп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!