Ақтөбеде жекеменшік үй өртенді: бір адам зардап шеккен

Ақтөбеде жекеменшік тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Ақтөбеде жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Өрт қатар тұрған көрші үйге де ауысқан.

"Өртсөндірушілердің жедел әрекеттері арқасында өрт шақырған сәттен бастап 39 минуттың ішінде жойылды. Өртенген жердің жалпы ауданы 160 шаршы метр болады. Өрттің салдарынан денесін 1-2 дәрежелі термикалық күйік шалған 1960 жылы туған үйдің иесі ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!