Қазақстанның бірінші ракеткасы Штутгарттағы турнирді күтпеген нәтижемен аяқтады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик Штутгарттағы (Германия) турнирдің жекелей сынында ширек финалдық кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бублик италиялық теннисші, әлемнің 30-ракеткасы Лоренцо Музеттимен кездесті. Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті, алайда екінші партияда қарсыласы 1:6 есебімен есе қайтарды. Бублик үшінші сетте есеп 0:1 болғанда ойынды жалғастырудан бас тартты. Кездесу бір сағат 20 минутқа созылды.

Александр Бублик матч кезінде 13 эйс жасап, алты рет қос қате жіберді. 

Айта кетейік, турнирдің жартылай финалында Музетти отандасы Маттео Берреттинимен ойнайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!