Шымкентте 11 жастағы ұл баланы зорлаған ер адамға үкім шықты

Шымкентте 11 жастағы ұл баланы зорлаған ер адамға үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15.05.2024 жылы Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық") айыпталған И.-ге қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.

2023-жылдың қазан айының соңында И. Шымкентте 2013 жылғы 23 шілдеде туған М-нің дәрменсіз күйін пайдаланып, оған қатысты бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасаған.

Прокурор И-ге ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жаза кесуді сұрады.

"Сот И-ді ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді", - делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!