"Тұшпара жеп, кола ішкен". СҚО-да бүтін бір отбасы тамақтан уланып, екі баласынан айырылды

Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір отбасы тамақтан уланып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екі бала қайтыс болды. 

Қайғылы оқиға Қызылжар ауданының Надежка ауылында болған. Ол жерден 1996 жылы туған әйел және оның 2014, 2017, 2021 жылдары туған балалары Петропавл облыстық ауруханасына жеткізілді. Кейін екі бала – үш жасар ұл және алты  жасар қыз қайтыс болды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша "Абайсызда адамдардың жаппай улануына және екі адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Отағасы содан бір күн бұрын үйіндегілердің ауылдағы дүкеннен сатып алған тұшпараны жеп, кола ішкенін айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!