Солтүстік Қазақстанда бір отар қойды көлік қағып кеткен

Солтүстік Қазақстанда бір отар қойды көлік қағып кеткен
Фото: ІІМ

СҚО-да бір отар қойды көлік қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жезқазған-Петропавл тасжолында Қызылжар ауданының Семипалатное және Рассвет ауылдары арасында таңғы уақытта Toyota көлігінің алдына тосыннан бір табын қой тап болған. Жүргізуші, облыс аудандарының бірінің тұрғыны малды абайсызда қағып кеткен. Оқиға салдарынан 8 қой өлді, көлікке механикалық зақым келді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

"Жол апатын тудырған жануарлардың иесіне қатысты үй жануарларын бағу ережелерін бұзғаны үшін хаттама толтырылды. Бұлай жүрген мал қауіпті болуы мүмкін екенін еске саламыз. Еркін жайылымға жол бермеулеріңізді сұраймыз", - деді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында бір үйір жылқыны көлік қағып кеткені хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова