Бишімбаев ісін қараған судья әлі де күзеттің қорғауында

Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева атына қауіп төнгеннен кейін әлі күзеттің қорғауында жүр. Бұл туралы Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс аясында журналистер Рахматуллинадан "судья Айжан Құлбаеваны қорғау әлі де жалғаса ма" деп сұрады.

"Қауіпсіздік шарасы әлі де жалғасады", - деді сот алқасының төрағасы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!