ТЖМ ата-аналарға маңызды құлаққағыс жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жуырда Қарағандыда екі бала терезеден құлап кеткен болатын. Оның алдында Маңғыстау облысында төрт жасар бала терезеден құлап кетті. Ал Ақтөбеде құлаған бала мерт болды. 

"Ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті. Жыл сайын жоғары қабаттан құлаған көптеген бала қайтыс болып жатыр", - деп жазылған ведомство мәліметінде.

ТЖМ осы орайда ата-аналарға бірқатар кеңес берді:

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғамайды;
  • Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!