Желіде қалыңдықсыз той өткізген жігіттің видеосы тарады

Желіде қалыңдықсыз той өткізген жігіттің видеосы тарады
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде қалыңдықсыз той өткізген жігіттің видеосы тарады. Бейнежазба авторы тойдың Астана қаласында болғанын жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода той үстінде жігіттің тортты өзі кесіп, асабаның тілегін жалғыз тыңдағанын байқауға болады. Ал мұны көрген жұрт тойға қатысты өз болжамын айтты.

"Қалыңдық жақ қалың малға келіспей, көп сома сұраған. Ал жігіт тарабы қолдан келгенін жасаған, бірақ қыз жақтың көңілінен шықпаған. Осылайша қалыңдық дәл той алдында бас тартқан. Күйеу жігіт жақ амалсыз бойдақ өмірдің есігі қайта ашылғанын тойлаған", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Желі оқырмандарының басым бөлігі жігітке бақыт тілеп, қалыңдық бетінің ерте ашылғаны дұрыс болғанын жазған.

Тойдың қашан өткені және қандай себеппен ұйымдастырылғаны белгісіз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @Kokshe_city_03🇰🇿 (@kokshe_city_03)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова