Көптеген хит әндердің сөзін жазған ақын ауыл әкімі үй беріп, 15 күннен кейін қайтарып алғанын айтты

Көптеген хит әндердің сөзін жазған ақын ауыл әкімі үй беріп, 15 күннен кейін қайтарып алғанын айтты
Фото: видеодан кадр

Көптеген танымал әншілердің әніне сөз жаған ақын Ершат Қайболдин "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында ауыл әкімі үй беріп, бірақ оны қайтарып алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақынның айтуынша, сол кездегі ауыл әкімі оның өнерін бағалап, оған үй сыйлаған. Бірақ кейін оны қайтадан алып алған.

"Маған үйді халықтың атынан үйленгеніңе деп берді. Өзіміздің ауылдың азаматы, негізі жақсы жігіт. Есімі - Жолдас. Ел үшін ауылға біраз еңбек етіп кетті. Үйленгеніме 15 күн болды, бірден бөлек шығып кетпейін ғой. Әке-шешем келіннің қызығын көрсін деп ойладым. Қазақи дәстүрмен үйде отырсам, әкімнің өзі емес, қол астындағылар телефон соқты. "Әкім үйді қайтарсын деп жатыр" деді. Жарайды дедім. Елдің алдында абыройын көтергісі келген шығар деп пайымдадым. Мен сендерден үй сұрамадым деп, қайтарып бердім. Менің оған еш ренішім жоқ", - деді ақын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова