Алматыда тағы да жер сілкінді: төтенше жағдай кезінде білуіңіз керек қарапайым 10 әрекет

Алматыда тағы да жер сілкінді. 13 маусымда сағат 22:25-те алматылықтар 1,6 балдық, ал талғарлықтар 1,4 балдық жер сілкінісін сезген. Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 әрекетті тағы да еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз; 
  • Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз; 
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз; 
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз; 
  • Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз; 
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!