Алматы мен Талғар тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді

Қазақстандық сейсмологтар 2024 жылғы 13 маусымда Алматы уақытымен 22:25-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқан.

Жер асты дүмпуі Алматыда 1,6 балл, Талғарда 1,4 балл болып сезілген. 

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!