"Әлсіздік, бас айналу". Ауруханаға түсіп қалған Қайрат Нұртастың әйелі қазіргі жай-күйін айтты

"Әлсіздік, бас айналу". Ауруханаға түсіп қалған Қайрат Нұртастың әйелі қазіргі жай-күйін айтты
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова сырқаттанып, ауруханға түскеннен кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кеш жарық баршаңызға! МРТ түсуге келдім. Жағдайымды сұрап жатқан адамдарға көп-көп рақмет! Тілек жазып жатырсыздар, сауығып кет деп жатырсыздар. Алла разы болсын! Бүгінгі менің жағдайым жаман емес. Әлсіздік, сәл-сәл бас айналу, сондай бір жеңіл түрде бар. Ал бастың қатты ауырғаны басылды. Екі күндей ем аламын, ал ертең МРТ-нің шешімін дәрігер өзі оқып, айтып береді. Әрі қарай не істейтінімізді. Қысқасы солай, бірақ әлі өмір сүремін. Уайымдамаңыздар, әлі-ақ сауығып кетемін", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға түсіп қалғанын жазған едік. Бұл жайлы актриса өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты. Ол сол кезде екі күн бұрын қатты ауырып, ауруханаға жатқанын айтқан еді.

"Сәлем, достар! Осыдан екі күн бұрын талма ұстап, ауруханадан бір-ақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Күндізгі стационарда, неврология бөліміндемін. Дәрігерлердің айтуынша, әзір ем алуым керек, содан кейін тексерістен өтемін. Қан талдауын тапсырып қойдым. Ертең МРТ түсемін. Содан кейін ғана диагноз белгілі болады. Ауырмаңыздар, іздеп жатқан жандарға көп рақмет", - деді актриса.

Сондай-ақ ол карантин кезінде уақытылы ем қабылдамағанын айтты.

"2016 жылдан бері бас бойынша ем қабылдап жүрмін. Карантин кезінде ол жайлы ұмытып кетіппін. 6 ай сайын ем қабылдауым керек еді, соны қазақилыққа салынып, кейінге шегере беріппін. Бас сақинасы ұстап тұр, шай ішпегеннен, біреу маған осылай сөйлегеннен деп басымның ауырғанына немқұрайлық танытыппын", - деді актриса.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан