"Б…қтарыңызға шомылып қайтасыздар!" Журналист Ақтаудағы адам шошырлық жағдайды ашып айтты

"Бүгін екінші тәулік - үйде бір тамшы су жоқ! АҚТАУ! Ұлға «ойбай үйге т…шпа, сабаққа барған соң нетесің" деп ертіп кеткем ғой, сөйтсем ол жақта да су жоқ". Сандуғаш Шортанова бүгін өз парақшасында осындай жазба жариялап, елең еткізді – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

    "Каспий жылу, су арнасы" жұмыс істемейді. Бес қабатты үйлер подвалға насосты толтырып тастады. Тексеріп, рейд жасап жатқан ешкім жоқ. Біз де қойдық сол насосты. Бірақ, үйлеріне су жәй барып қала ма - басқа көршілер бұзып кетеді әлгі насосты", - деп налыды қаладағы кейінгі кездегі жағдайға журналист. "Ощм… Ақтауда жаз басталды… Келмей-ақ қойыңыздар! Б…қтарыңызға шомылып қайтасыздар! Теңізге емес!", - деген Сандуғаш Шортанованың әсіресе осы соңғы сөзі «жазда қайда демалсақ екен?» деп отырған біраз жұртты алаңдатып қойғандай.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!