Павлодарда алты жасар қыз жол апатынан зардап шекті

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні Назарбаев даңғылы бойында келе жатқан "Волга" маркалы көлігінің жүргізушісі қауіпті жылдамдықты сақтамай, "Фольксваген Гольф" көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Содан кейін "Волга" көлігі қозғалысты жалғастырып, "Шевроле Кобальт" көлігін соққан.  Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Фольксваген Гольф" жүргізушісі мен "Шевроле Кобальт" жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.

Облыстық жедел жәрдем станциясына шақырту 20:22-де келіп түсті. 

"Медициналық бригада бес минут ішінде жетті. Алты жасар қыз бен 34 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады станция. 

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс ашты. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!