Аягөз гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші көз жұмды

Бүгін, 13 маусым күні, оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Қорғаныс министрлігі кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

"Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетілетін болады", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!