Павлодар облысында суға батып кеткен жігіт өлі табылды

Іздестіру жұмыстары үш күн жалғасқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусымда сағат 12:50-де оқиға орнынан 12 шақырым жерде 1999 жылы туған суға кеткен жігіттің денесін туыстары тапты. 

ТЖД құтқарушылары оның денесін судан шығаруға көмек етті.

Еске салайық, 10 маусымда сағат 14:30-да Ертіс өзенінде шомылу кезінде 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!