Семейде полицейлер итті азаптаған ер адамды ұстады

Семейде полицейлер итті азаптаған ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні ұстады.

Ол облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жануарға қатыгездік көрсеткені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!