Алматы облысында 20 жастағы жігіт полицейге шабуыл жасаған - видео

Алматы облысында тәртіп сақшысына шабуыл жасаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлер видеоны жариялады.

12 шілдеде әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде жол таңбалау ережелерін сақтамағаны үшін жергілікті тұрғынның басқаруындағы Mercedes-Benz көлігі тоқтатылды.

Автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында 20 жастағы жолаушы полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірді.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Билік өкіліне күш көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Болған оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!