Алматыда түнде Гагарин даңғылы бойынша қозғалыс шектеледі

Алматыда түнде Гагарин даңғылы бойынша қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылғы 14 маусымда сағат 23:00-ден 15 маусым күнгі сағат 9:00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында Гагарин даңғылы бойынша Березовский көшесінен Байқадамов көшесіне дейін автокөлік қозғалысы жабылады.

Қозғалыс екі жаққа да жабылады.

Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін 1984 жылы пайдалануға берілген, жалпы ұзындығы 1220 метр құбырды реконструкциялау учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау объектісін және 27 өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық сумен жабдықтау сақталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз