Ішінде 20 жолаушы болған: Рудныйда автобус өртенді

Қостанай облысында жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Рудный қаласында қозғалыс кезінде қоғамдық көліктің қозғалтқыш бөлігі жанған.

"Зардап шеккендер жоқ. 20 жолаушы эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырды.

"Жолда көлігіңіз өртене бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кеткен жөн", - деп кеңес берді құтқарушылар.

Еске салайық, бұған дейін Алматының Наурызбай ауданында жүк көлігі өртенгені хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!