Қазақстанда пойызбен қандай курорттық аймақтарға баруға болады?

Қазақстанда пойызбен қандай курорттық аймақтарға баруға болады?
Фото: ҚТЖ

Жазғы демалыс кезінде жолаушылар пойызбен Алакөл, Балқаш көлдері, Каспий теңізі, сондай-ақ, Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент қалалары және Бурабай курорттық аймақтарына жиі қатынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алакөл бағыты

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, танымал туристік бағыттардың бірі саналатын Алакөл көліне биыл Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ, алғаш рет Қызылордан 12 бағыт бойынша пойыз қатынайды. Он бағыт бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздары, екі бағыт бойынша жеке тасымалдаушылар құрамы жүреді. Пойыздарда ұсынылған орындардың саны былтырмен салыстырғанда 16 мыңға өсіп, туристік маусымда жолаушылардың ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін 270 мың орын болған.

depositphotos.com

Балқаш, Бурабай, Ақтау

Балқаш көліне жету үшін 7 түрлі бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Сондай-ақ, Бурабай курортына да ыңғайлы маршруттарды таңдауға болады, онда пойыздар 14 бағыт бойынша жүреді. Түркістанға пойыздар 16 бағыт бойынша қатынайды. Ақтауға пойыздар 6 бағыт бойынша жүреді, соның ішінде Маңғыстау-Семей бағыты ең ұзын маршрут болып есептеледі. №37 жолаушылар пойызы Қазақстанның батысы мен шығысын байланыстырады. Пойыз жолда 128 сағат жүріп, 50 станция мен 3,2 мың қашықты еңсереді.

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы, Астана, Шымкент

Астана қаласына 37 маршрут бағытталған. Бұл елімізде ең көп теміржол маршруттары болып саналады. Ай сайын бұл маршрутпен 1 миллион жолаушы, оның ішінде жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары тасымалданады.

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Оңтүстік қалаларға Алматыға 29 бағыт және Шымкентке 20 бағыт бойынша пойыздар жүреді. Жазғы кезеңде Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 4,2 миллионнан аса жолаушыны тасымалдау жоспарланып отыр. Теміржол билеттерінің бағасы қашыққа және вагондардың класына байланысты есептеледі. Мәселен, ең танымал бағыттардың бірі №204/203 Шымкент - Астана пойызына билет бағасы плацкартқа 10 421 теңге, купеге үшін 15 824 теңге. Қала маңы бағытындағы №7507/7508 Астана - Бурабай курортына билет бағасы бір орынға 2 307 теңге болады. Қосымша жолаушыларға пойыздан пойызға ауыса отырып, қажет қалаға жетуге мүмкіндік беретін "Сапарда ауысып отыру" қызметі де ұсынылады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуды сұрайды. Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар билеттерді сату сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларында "Күту парағы" тегін қызметін пайдалана алады", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова