Аутизмге шалдыққан жігіт табылды

Аутизмге шалдыққан жігіт табылды
Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысында аутизмге шалдыққан жоғалған жігіт табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 

19 жастағы Игорь Исраилов 6 маусымда Бәйтерек ауданы Рубежинское ауылындағы үйінен шығып, оралмаған. Жігіт аутизммен ауырады. Игорьдің анасы 10 маусымда полицияға жүгінді.

Бір аптадан кейін жігітті Теректі ауданының полицейлері тапты. Ол сол аудандағы шаруа қожалықтарының бірінде болған. Шаруашылық басшысы Игорьдің өзі келіп, жұмысқа қабылдауды сұрағанын айтты.

Қазір жігіттің жағдайы жақсы, ол ата-анасының жанында.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде аутизммен ауыратын жасөспірім жоғалған еді. Өкінішке қарай, бала өзеннен өлі табылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова