Достарымен бәстескен: Астанада 17 жастағы бала Есілге батып кетті

Достарымен бәстескен: Астанада 17 жастағы бала Есілге батып кетті
Фото: скрин

Астанада 17 жастағы бала Есілді бір жағынан екінші жағына жүзіп өтемін деп достарымен бәстесіп, суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 12 маусымда болған. 2007 жылы туған бала достарымен бәстескен. 

12 маусымда сағат 19.02-де Астана ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 17 жастағы баланың денесін алып шыққан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина