"Жетіскеннен емес". Әшімбаев Ұлттық қордан неге қаржы алынатынын түсіндірді

"Жетіскеннен емес". Әшімбаев Ұлттық қордан неге қаржы алынатынын түсіндірді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық қордан неге қаржы алынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БүгінСенаттың жалпы отырысында Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалды.

Мәулен Әшімбаев бюджетте қаржы жетіспеушілігі мәселесі барын атап өтті.

"Біз өңірлерге қаржының жетіспеушілігін көріп отырмыз. Трансферттеге қатысты проблема бар. Бұл жүйелі проблема ғой. Әріптестер, біз өткен жылдың бюджетін қарастырып отырмыз. Сондықтан жүйелі мәселе барын атап өтуіміз керек ", - деді төраға.

Оның айтуынша, бюджеттің шығыс пен кірісінде теңгерімсіздік бар.

"Демек шығынымыз көп, табыс табуда мәселе бар. Бұған дейін біз Ұлттық қордағы (қаржыны) пайданаламыз деп айтқанбыз. Бірақ бұл жетіскеннен емес қой. Бізде шығын мен кірістің арасында үлкен алшақтық бар", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы 2023 жылғы бюджет көрсеткіші ненің есебінен оң көрсеткішті көрсеткеніне тоқталды.

"Өткен жылы бюджет параметрі ненің есебінен жақсы көрсеткішке ие болды? Бұл салықтар бойынша аванстық төлемдер есебінен болды. Яғни алдын ала 300 млрд теңге салық түсімдерін алдық. "ҚазМұнайГаз" АҚ есебінен де болды. Былтыр ҚҚС экспорттаушыларға 500 млрд теңге берілмеді. Нәтижесінде осы параметрлердің барлығы өткен жылдың бюжетін жаман көрсетпеді. Осы механизмдер әсер етті", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Есен