Павлодарлық әйел шай қорабына ақша жасырып, колониядағы ұлына өткізбек болған

Павлодарлық әйел шай қорабына ақша жасырып, колониядағы ұлына өткізбек болған , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті №45 колония мекемесінің қызметкерлері ұлымен ұзақ уақытқа кездесуге келген әйелді ұстады. Ол шай қорабына ақша жасырып, колонияға өткізбек болған.

Заңсыз әрекет жасаған әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Оған қандай жаза тағайындалатынын сот шешеді. Бұған қоса ол ұлымен кездесу құқығынан бір жылға айырылды.

"Біздің мекеме қызметкерлері жазасын өтеушілермен және оларға келетін туыстарымен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мекемеге нені алып келуге болатынын және қандай заттарға тыйым салынғанын ескертіп отырамыз. Осыған қарамастан сотталушылардың кейбір туыстары мен достары тыйым салынған заттарды колонияға жасырын түрде өткізуге тырысады. Мұндай әрекет жасағандар жазасыз қалмайды", - дейді мекеме бастығы Қуаныш Қойшыбаев.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысындағы колониядан тұтқын қашып кеткені хабарланған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!