Атырау облысында жантүршігерлік оқиғадан ерлі-зайыпты қаза тапты

Атырау - Ақтөбе тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 12 маусымда сағат 14:50 шамасында Атырау - Ақтөбе тасжолының 454-шақырымында болған. Kia Rio көлігі мен DAF жүк көлігі соғысқан.

Атырау облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол апатынан Kia Rio көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр.

Ведомство өкілдері Kia Rio көлігінің жүргізушісі соңғы 1 жыл ішінде 4 рет жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзғанын мәлімдеді.

Ал БАҚ марқұмдар ерлі-зайыпты екенін жазып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!