Талғар тұрғындары аспаннан ерекше құбылысты байқаған

Талғар тұрғындары 13 маусымға қараған түні аспаннан ерекше жарықтарды байқаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео kris_p_talgar парақшасында пайда болды. 

"Білетін адамдар мұның не екенін түсіндіреді деп ойлаймыз. Бұл құбылыс туралы ақпарат таппадық", - дейді ролик авторы. 

Желі қолданушыларының кейбірі видеоға метеориттер түсіп қалған деп болжаған. Тағы біреулердің сөзінше, бұл Falcon 9 зымыранынан қалған із болуы мүмкін екенін айтады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!