"Еркеге ұқсайтын сияқты". Әнші Raim ұлымен түскен сурет жариялады

Көпшілікке Raim атымен танымал әнші Райымбек Бақтыгереев инстаграм-парақшасында ұлы Исламмен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суретте әнші баласын ұстап отыр. Суретте баланың түрі көрінбесе де, жұлдызды жұптың оқырмандары оны Ерке Есмаханға ұқсатты.

"Ақтығы - Ерке, бет әлпеті - атасы ау. Аман бол, балапан", "Беті томпиып Еркеге ұқсайтын сияқты", "Аяқтарын-ай", "Бақыт деген осы болар", - деп жазды Желі қолданушылары.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз