Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер ертең, 13 маусымда еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай. Түнде облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. 

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 17-22 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың жағалауында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. 

Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астанада кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз