Түркістан облысында ер адам көлік ішінде есірткі қолданбақ болған - видео

Түркістан облысында ер адам көлік ішінде есірткі қолданбақ болған - видео

Түркістан облысының полициясы көлік ішінде есірткі қолданбақ болған қызылордалықты құрықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары Түркістанның орталық көшелерінің бірінен заңмен тыйым салынған затты қолдану дерегінің жолын кесті. Яғни полиция камера арқылы түнгі уақытта көлік ішіндегі ер адам, темекі ретінде белгісіз шөпті әзірлеп жатқандығын байқап қалады. Осы бойынша әрі қарай бақылауды күшейтіп, көлікті тексеру үшін жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне бағыттама береді.

Оқиға орнында тексеру жүргізген полицейлер, жүргізушінің марихуана есірткісін заңсыз сақтағанын анықтады. Қызылордалық ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан