Алматы маңындағы үйлердің төбесін көлемі жұдырықтай бұршақ тесіп кетті

Алматы маңындағы үйлердің төбесін көлемі жұдырықтай бұршақ тесіп кетті
Фото: depositphotos.com

Алматы облысындағы ауылдардың бірінде ірі бұршақ жауды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде тарады.

Видеолардың бірінде Беріктас ауылының тұрғыны бұршақ бастырманың шатырын тесіп өткенін айтұан. Видеоға қарағанда, төбесі қаңылтырдан жасалған. Куәгердің айтуынша, бұршақтың көлемі жұдырықтай болған.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, Жамбыл ауданы Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр бұршаққа ұласып, үш үйдің шатырын зақымдаған.

Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан