Алматыда көліктің тас-талқанын шығарған жасөспірімдердің видеосы тарады

Алматыда екі жасөспірім өзгенің көлігін қиратып кетті. Олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода екі баланың әуелі тоқтап тұрған көліктердің жанында доп ойнап жатқаны, содан кейін олардың біреуі көліктің капотына шығып, аяғымен алдыңғы әйнекті сындырғаны көрінеді. Содан кейін олар бамперді жұлып алып, жанындағы айнаны сындырмақ болған.

Алматы полиция департаменті видеодағы жасөспірімдердің кім екенін анықтады.

"Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің айтуынша, олар өзгенің көлігін бұзақылық ниетпен зақымдаған. Мән-жайы анықталып жатыр, құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады ведомство.

видеодан алынған кадр

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!