ҚТЖ неге қарызға белшесінен батты?

ҚТЖ неге қарызға белшесінен батты?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"ҚТЖ" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов ұлттық компания неге қарызға белшесінен батқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгінде компанияның 2,9 триллион теңге қарызы бар. Оның 2 триллион теңгесі локомотивтер, жолаушы және жүк вагондарын сатып алуға жұмсалды, ал қалған 0,9 триллион теңге темір жол салуға бөлінді. 2024 жылдың соңы мен 2025 жылдың басына қарай компанияның қарызы 3 триллион теңгеден асуы мүмкін. Себебі бұл қаржыны қарызға алып, кейін қайтарамыз", - деді Қанат Әлмағамбетов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы банкрот болуы мүмкін екені хабарланған еді.

"Халықтың байлығын қашанғы қалтасына баса береді?" Депутат Мәжіліске келмеген "ҚТЖ" басқарма төрағасына шүйлікті

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Есен