Көкшектауда ер адамның аяғы айналмалы қопсытқыш құрылғыға тартылып кеткен

Фото: видеодан кадр

Көкшетау қаласында жазатайым болды. Бұл туралы өңірдің ТЖД өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұмыс істеп жатқан кезде 1952 жылы туған ер адамның аяғы айналмалы қопсытқыш механизмге тартылып кеткен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел жәрдем көлігі дереу жетті.

"ТЖД қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен қысылған аяқты алып шықты. Дәрігерлермен бірге алғашқы көмек көрсетті, ер адам қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды", - деп жазылған ведомство мәліметінде.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова