Ұлытау облысында мемлекетке заңсыз сатылған қызметтік автокөлік қайтарылды

Ұлытау облысында мемлекетке заңсыз сатылған қызметтік автокөлік қайтарылды
Фото: elements.envato.com

Ұлытау облысы Қаражал қаласы прокуратурасының шараларымен мемлекетке заңсыз сатылған қызметтік автокөлік қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаражал қаласының прокуратурасымен мемлекеттік мүліктерді сақтау туралы заңнамасының талаптарының сақталуына талдау жүргізіп, заң бұзушылықтар анықталды.

Талдау бойынша Қаражал қаласының әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнымен жеке тұлғаға "LADA- 21214-187" қызметтік автокөлігін сату дерегі анықталды.

Қала прокурутурасымен аталған дерек бойынша Қаражал қаласының әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының жауапты қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу келтірілген шығынды толық қайтарылуы бойынша қысқартылды, қызметтік автокөлік мемлекетке қайтарылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина