Кілем, екі сақина, ұлттық киімдегі қуыршақ: Жаңаөзенде ерлі-зайыпты тойға "Жигулимен" келді

Әлеуметтік желіде Жаңаөзендегі ерекше той кортежінің видеосы тарап кетті. Жаңаөзендік ерлі-зайыпты шаңырақ көтергендеріне 50 жыл толған тойларында ерекше безендірілген "Жигули" көлігімен мейрамханаға келді. Ақ түсті көлік кілем, екі сақина және ұлттық киім киген қуыршақпен безендірілген. Ерекше идея мен той туралы толық мәлімет алу үшін мерейтой иелерінің кенже қызы Нұрсұлуға хабарласудың сәті түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, көпбалалы отбасы ата-анасының 50 жылдығын атап өткен.

"Әкем Тұрлыбай Қуатұлы мен анам Құралай Әбілқызы 50 жыл бірге өмір сүріп жатыр. Ата-анам алты бала тәрбиелеп өсірді. Немере-шөбере сүйіп отырған әкеміз бізге үлгі. Өнерлі әкеміз домбыра тартып, ән айтады.  Осы уақытқа дейін бізді өсіп-жетілдірген ата-анамызға қанша алғыс айтсам да жетпейді. Қазір екеуі де зейнеткер, бірақ бізді өсіру үшін өмірдің талай тауқыметін бастан өткерді", - деді Нұрсұлу.

Нұрсұлу бұл тойда екі мерекені, анасының 70 жылдығы және отасқандарына 50 жыл болған ата-анасының қуанышын бірге атап өткен.

"Той - ата-анамызға деген біздің алғысымыз", -  деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз