Алматы облысында асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген ақша жымқырылған

Алматы облысында асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген ақша жымқырылған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқыру және заңдастыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА-ға сілтеме жасап.

Жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексерумен 2023 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданында ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы, аналық қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі жайлы шындыққа жанаспайтын ақпаратты қолдана отырып 50 млн теңге субсидия алған.

Бұнымен тоқтамай, кооператив төрағасы өзінің қылмыстық табысын көбейту және заңдастыру мақсатында субсиялау талаптарын ескермей, түскен мемлекет қаражатының бір бөлігін кооператив депозитына аударып, түскен пайданы өз қажетіне жаратқан.

Сот үкімімен кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина