Ақтау тұрғындары ауыз судың жоқтығынан жолды жауып тастады

Ақтаудағы 19 шағынауданның тұрғындары бірнеше күннен бері ауызсу жоқ болғандықтан жолды жауып тастады. Оқиға орнына полицейлер, қала әкімі мен коммуналдық қызмет өкілдері келген. Бұл дерекке қатысты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі де пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының сөзінше, судың күші екінші қабатқа жетпейді. Олар арызданғанымен нәтиже болмаған. Сондықтан тұрғындар осы мәселеге назар аударту үшін жолды жауып тастауға мәжбүр болған. 

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жолды босатып, тұрғындардан шетке шығуды сұраған. Жол қозғалысы қайтадан жанданған. 

Тұрғындармен кездесуге қала әкімі Ұлықбек Тнәлиев пен Каспий жылу, су арнасы басшысы шықты. 

Ақтау әкімдігінің мәліметінше, 11 маусымда 19-шағынаудандағы №23 үйдің алдына тұрғындар жиналған. 

Әкімдіктегілер қала әкімі, Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жауапты қызметкерлері және "Каспий жылу, су арнасы" МКК басшылығы тұрғындармен сөйлесіп, су неліктен жоқ екенін түсіндірді. 

Артынша тұрғындар үйіне оралған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!