Алматылықтарға өте мұқият болуға, сақтық шараларын сақтауға кеңес берілді

Алматылықтарға өте мұқият болуға, сақтық шараларын сақтауға кеңес берілді
Фото: depositphotos.com

Алматыда 17 маусымнан бастап жылу желілерін екі апталық сынау басталады. Осыған байланысты "Алматы жылу желілері" қала тұрғындары мен қонақтарына өте мұқият болуға, сақтық шараларын сақтауға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматының барлық ауданы аумағында жөндеуден кейін жылу желілерін гидравликалық сынау 17-28 маусым аралығында жүргізіледі.

Бұл күндері күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін, магистральдық және тарату құбырлары тексеріледі. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасына қарамастан, су бетіне шығу, жол төсемінің ішінара бұзылуы және т.б. штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін.

Мұндай кезде өз бетіңізше ешқандай әрекет істемеңіз, дереу оқиға орнынан алыстап, оны "Алматы жылу желілері" ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефондары арқылы хабарлаңыз.

Жылу желілерін сынау кестесі:

17 маусым: Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.

17-21 маусым: Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары:
Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уәлиханов;

Бостандық ауданы:

Асқаров – Мирас шағын ауданы – "Алматы» шипажайы – Сайын – әл-Фараби – Қазақфильм шағын ауданы – Рысқұлбеков – Каблуков – Бәсенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Алмагүл шағын ауданы – Қожанов – ҚазҰУ – Тимирязев - М.Ганди – Назарбаев;
Лисянский – Розыбакиев – Жароков - Эксперименттік база – Қожанов - әл-Фараби – Алмагүл шағын ауданы; Орбита шағын ауданы 1,2,3,4 – Сайын – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Бәсенов;

Медеу ауданы:

Тайманов – Чайкин – Достық – Меңдіқұлов - әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ санаторийі;

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары:

Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь.

18 және 19 маусым

Әуезов, Наурызбай, Алмалы аудандары: Абай – Райымбек – Яссауи – Гайдар.

19 маусым

Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Н.Данченко;
Алмалы ауданы: Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек.

20 маусым

Наурызбай ауданы: Проектируемая – Айтбаев – Райымбек – Алты Алаш.

21 маусым

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Мақатаев – Розыбакиев – Шәріпов.

20 және 21 маусым

Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары:
Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Кәрімов.

24 маусым

Наурызбай ауданы:
Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда;

Алмалы және Бостандық аудандары:
Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбакиев.

24-28 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Сәтбаев – Масанчи; Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені – Гоголь;

Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин – Солтүстік айналма – Боралдай;

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтбаев – Чайковский.

25 маусым

Алатау ауданы: Мөңке би - Момышұлы - Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағын ауданы.

25 және 26 маусым

Әуезов және Алмалы аудандары: Рысқұлбеков – Үлкен Алматы өзені – Сайын – Қуанышбаев.

26 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов;

Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов – ҮАК оңтүстік жағы.

26 және 27 маусым

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Сәдуақасов.

28 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.

Аталған аумақта тұратын тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жағдайын тексеру және құбырлардың ақауын анықтау үшін жүргізіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина