Сусын деп Қазақстан арқылы Ресейге ірі көлемде есірткі тасығандар ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көршілес мемлекеттердің арнайы қызметтерімен бірлесіп, халықаралық есірткі трафигін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

250 литр метамфетамин есірткісі түріндегі заңсыз жүк түрлі сусындар секілді жасырылған, бұл жүк Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Ресейге бағытталған.

Мәскеу облысында бұл тауарды беру кезінде трансұлттық есірткі тобының 2 мүшесі ұсталды.

Сондай-ақ, ұсталған адамдардан сұйықтықтан есірткі алуға арналған жабдық тәркіленді.

Биыл басынан бері ҰҚК шетелдік әріптестермен бірлесіп, халықаралық 19 есірткі арнасының жолын кесті, заңсыз айналымнан 400 келіден аса есірткі мен 4 тонна көкнәр сабаны тәркіленді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!