Құдасымен видео түсірген Гүлзира Айдарбекова сынға қалды (видео)

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің инстаграм-парақшасында кіші келінінің әкесімен видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова құдасымен Қазақстанның әдемі табиғатында видео түсірген. 

"Құдаммен оқырмандарым үшін, көтеріңкі көңіл-күй болсын деп, тик-ток түсіріп тастадық😊 Құдам риза болсын десеңіздер алаулатып оттан 🔥 ❤️жүрек лүпілдерден жіберіп қойсаңыздаршы", - деп жазды продюсер.

Продюсердің кей оқырмандары "мың жылдық құда" болыңыздар деп жақсы тілектерін жаудырса, басқалары оның "майысып" тұрғаны ерсі көрінетінін айтып, сынға алды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз