Қарқаралыдағы көкпардан қайтқан спортшы жол апатынан қайтыс болды

Қарқаралыдағы көкпардан қайтқан спортшы жол апатынан қайтыс болды
Фото: instagram.com/shagyrbay_

Қарқаралыда өткен көкпардан қайтып келе жатқан спортшы жол апатына түсіп, салдарынан бір көкпаршы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы фотограф Бақберген Шағырбай хабарлады. 

"Соңғы ойын. Өмірден алған ең үлкен сабағым, пендешілік. Кеше Қарқаралыда өткен екі күндік тойда команда көкпардан Меркі ауданы суырылып алға шықты, бірінен соң бірін ұтып бірінші орында иеленді. Кешқарайып жолға шықтық шаршаумыз. Алдында арқа сүиер екі ағам және мен. Кенет ұялы телефоныма хабарлама келген дауыстатып тыңдадым. Ол сөздер осылай айтылар еді "Аға Ассалаумағалеикүм шаршамадыңыздарма чемпион болдық шүкір сізден сұрайын дегенім суреттерім болса әке анамды білесіз келініңіз бар қуантқым келіп еді" аудиожазба тәмәм.

Тыңдадым да зер үн қаттым "жолда келе жатырмыз, шаршадық, жеткен соң жіберемін" дегендей дөрекілендім. Жол үстіндеміз кенет көлік басқарып келе жатқан ағам "ұлық болсаң кішік бол түсінем шаршайсың бірақта өз көңіліңмен жұртты санама" деді. "Өзімнің жақсы көретін інім ғой" дедім де жолды жалғастырдық. Елге аман есен келіп шаруаларды реттеп тағы бір күн өтті. Таңғы хабарлама 7:38 "Асссалаумағалеикүм аға біз жолға шықтық". "Ронти, қазір суреттерің өңделіп жатыр" дедім мен. Қарқаралыда жарқ еткен жас бала Меркі командасында ойын көрсеткен жас шабандоз бүгін өмірден озды Алла өзі жарылқасын. Отбасы ата анасына қайғырып көңіл айтамын", - дейді фотограф. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина