Атырауда базарда екі адам жанжалдасып қалған, бірі қаза тапты

Әлеуметтік желіде Атыраудағы базарлардың біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. Кадрлардан ер адамдар жанжалдасқаны байқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға қайғылы жағдаймен аяқталған.

Атырау облыстық Полиция департаменті өкілі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты", - деп түсіндірді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!