"Шаштары өсіп кетіпті". Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілердің жағдайы туралы айтты

"Шаштары өсіп кетіпті". Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілердің жағдайы туралы айтты
Фото: Видеодан алынған кадр

Тележүргізуші Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі Құндыз бен Назгүлдің үйіне барып, көпшіліктің атынан Құндызды туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Руслан Өтепбай Құндыздың туған күніне тәтті апарып, апалы-сіңлілерге гүл шоқтарын табыс етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

"Ардақты ағайын, барлық қазақ елінің атынан Құндызды туған күнімен құттықтап қайттым. Апалы-сіңлінің жағдайлары жақсы. Шаштары өсіп кетіпті, енді қайтадан сәндеу үшін салонға апарамыз. Қос қыз сіздерге де сәлем жолдауда", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары да ақ тілегін жаудырып, құттықтады. "Туған күн құтты болсын, осы екі қыз сыртқа шыға ма, әлде үйде қамауда отыра ма", "қыздар әдемі болып кеткен", "осы қыздар қайда екен деп ойлап жүргем, көріп бір қуанып қалдым", "сұлу ханшайым болыпты", "Руслан, өте керемет жансың", "қыздар әп-әдемі болып қалыпты", "екеуі мәз, қандай керемет" деп жазды олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы