Ұлытау облысындағы мектептерге азық-түлік негізсіз қымбат сатып алынған

Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдарында азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының негізсіз өсіру деректері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, Жезқазған қаласының 12 мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ЖК-дан сатып алу жоғары бағамен жүзеге асырылғаны анықталды.

Өндіруші зауыттан тұтынушыға дейінгі бағаның айырмашылығы: қант 303 теңге/келі мен 750 теңге/келі (147 пайыз), қарақұмық жармасы 232 теңге/келі мен 580 теңге/келі (150 пайыз); айран 2,5 пайыз 450 теңге/л. мен 179 теңге/л. (135 пайыз); нан 475 теңге/дана мен 85 теңге/дана (274 пайыз); тауық жұмыртқасы 65 теңге/дана мен 43 теңге/дана (51 пайыз).

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өнім берушімен қосымша келісімдер жасалды, оның қорытындысы бойынша нан, ұн, қант, өсімдік майы, айран, қарақұмық, күріш, сәбіз, пияз, тұз, жұмыртқа және картоп сияқты 12 атауға бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді.

Бұл ретте үнемдеу 17 млн теңгеден асты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз