Астанада Қабанбай батыр даңғылы жұмаға дейін жартылай жабылады

Астанадағы Қабанбай батыр даңғылы жұмаға дейін жартылай жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Қабанбай батыр даңғылы бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты 11 маусым сағат 06:00-ден бастап 14 маусым сағат 06:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA (@akimat__astana)

Қабанбай батыр/Хусейн бен Талал және Қабанбай батыр/Ұлы Дала қиылыстары ашық болады.

"Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!