Сам орманында Тілеміш құсы бірнеше ұя салған

Сам орманында Тілеміш құсы бірнеше ұя салған
Фото: mangystaumedia.kz

Табиғатты пайдалану басқармасының қызметкерлері Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің орман қоры аумағына жоспарлы рейд жүргізді. Рейд барысында Тілеміш құсының сексеуіл басына ұя салғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Тілеміш бір емес, бірнеше ұя салған, ал мамандар оны арнайы фотоға түсіріп алған.

"Бір ұяда төрт балапаннан кезікті. Аналығы мен аталығы қызметкерлер жақындағанда ұшып кеткен. Орманшылар аталығы мен аналығы балапандарын көзден таса қылмай, көкте қалықтап, бақылағанын айтады. Бұл құсты жергілікті тұрғындар "Ақ сары, жамансары" деп те атайды", - дейді мамандар.

Тілеміш (Buteo rufinus) - күндізгі жыртқыш құстар отрядының қаршыға тәрізділер тұқымдасына жатады. Еуразияда, Солтүстік Африкада тараған. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан