Алматыда, Астанада және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 маусымда Алматыда, Астанада және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысында солтүстіктен жел күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Атырау облысы бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 11 маусымда Жамбыл облысының басым бөлігінде жоғары, батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, 11 маусымда тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, сотүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Алматыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!